Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өсек бітпей жатыр": Ерке Есмахан күйеуі екеуінің қатынасына байланысты желіде тараған қауесетке нүкте қойды

Опубликовано:

Ерке Есмахан мен Райымбек Бақтыгереев
Ерке Есмахан мен Райымбек Бақтыгереев. Скриншот: instagram.com/gulnur_mamasaripova

Отандық әнші Ерке Есмахан биылғы жылдың қаңтарында өнердегі әріптесі Райымбек Бақтыгереевпен мұсылманша некесін қидырды. Сезімі 2018 жылы бастау алғанын айтқан әнші желіде күйеуі екеуіне қатысты тараған қауесетке нүкте қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмаханның айтуынша, олар 2018 жылдан бері бір қосылып, қайта қоштасып келген. Бұл жайлы әнші Instagram парақшасында мәлім етті.

Желі қолданушысының бірі Еркеден "2018 жылы басталған болса, бәрі параллельді болған ба? Өсек бітпей жатыр", - деп сұраған.

Ал Ерке Есмахан өзінің басқа күйеуге шығатын болғанын және күйеуінің өзгеге үйленуге шешім қабылдағанын айтты. Алайда екеуі де бір-бірінсіз өмір сүре алмайтынын түсінген.

"Сіздер де жаман жағын ойлауға дайын тұрасыздар. "Көп сынақтан өтіп, жасқа қарамай екеуі қосылған" деп, неге жақсы жағын ойламайсыздар? Өсек қумай.

2018 жылы таныстық, табыстық. Біраз уақыттан соң қоштастық. Уақыт өте келе қайта қосылдық, қайта қоштастық. Осылай қайталана берді. "Бірге болмаймыз" деп, мен басқаға күйеуге шығатын болдым. Ол басқаға үйленетін боп шештік. Сөйтіп, ол ақыры үйленбеді. Мен де өзім қалдым. Сөйтіп, қайта кездесіп, сөйлесіп, бір-бірімізсіз өмір сүре алмайтынымызды түсіндік. Сосын ТikTok көмекке келді. Ешқандай параллельді деген жоқ. Қысқа, нұсқа шындығым осы. Қалған әңгімелерге мен жауап бермеймін", - деді Ерке Есмахан.

Естеріңізге сала кетейік, Раим жеке кешінде Ерке Есмахан екеуінің 2018 жылдан бергі естелік суреттерін көрсетіп, жұбайына тосынсый жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2013994-osek-bitpei-zatyr-erke-esmaxan-kuieui-ekeuinin-qatynasyna-bailanysty-zelide-taragan-qauesetke-nukte-qoidy/

pixel