Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Раим концертте Еркеге ерекше тосынсый жасап, сүйіктісінің көңілін босатты (видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан мен Раим
Ерке Есмахан мен Раим. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Отандық әнші Ерке Есмахан биылғы жылдың қаңтарында әнші Раимға тұрмысқа шыққан болатын. Ерке Есмахан жұбайы екеуінің қарым-қатынасы 2018 жылы басталғанын айтты. Ал кеше Раим жеке кешінде Еркенің бұл жазбасын растап, естелік суреттерін бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы Ерке Есмахан Instagram парақшасында бөлісті.

"2018 жылдан бергі суреттерді көріп, көзіме жас келді. Күйеуім, тосынсый үшін рахмет", - деп жазды Ерке Есмахан.

Айта кетейік, Ерке Есмахан осыған дейін жұбайы Раиммен ең алғаш танысқан сәтін мәлім еткен болатын.

"2018 жыл, танысқан күні түскен ең алғашқы сурет. Сезім осы сәттен бастау алған еді. Суреттегідей екі жарты, бір бүтін болатынымызды сезбесек те, Алла бұйыртып, шешіп қойған екен. Бұл қызыққа, сынаққа толы махаббат туралы алдағы уақытта айтып берейін бе? Осы кезге дейін мен үндемесем де, Раим бәрін әнмен жеткізген екен сіздерге... Некеге апарар жол бізді көп адастырды", - деген болатын Ерке Есмахан.

Естеріңізге сала кетейік, өнердегі жұлдызды жұп Ерке Есмахан мен Раим биылғы жылдың қаңтарында мұсылманша некесін қидырды.

Сонымен қатар Ерке көпшілікке ата-енесін көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2013891-raim-koncertte-erkege-erekse-tosynsyi-zasap-suiiktisinin-konilin-bosatty-video/

pixel