Ерке Есмахан неліктен әлі күнге дейін Раиммен заңды неке қидырмағанын айтты (видео)
Жарияланған күні:
Әнші Ерке Есмахан осыған дейін өнердегі әріптесі Райымбек Бақтыгереевпен мұсылманша некесін қидырған болатын. Өнер иесі желіде оқырман сауалына жауап беріп, неліктен әлі күнге заңды неке қидырмағанының себебін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Раиммен неге заңды некеңіз жоқ?", - деп сұраған желі қолданушыларының бірі әншіден.
Ал Ерке Есмахан заңды неке қидырмауының себебі жұбайының жұмыстарына байланысты екенін жеткізді.
"Жолдасым жасатамыз деп жүр. Концерттен қолы енді босады. Алда неке жүзігімен әдемі заңды неке қидырамыз, бұйырса", - деп жауап берді Ерке Есмахан Instagram парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ерке Есмахан күйеуі екеуінің қарым-қатынасына байланысты желіде тараған қауесетке нүкте қойған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2014001-erke-esmaxan-ali-kunge-deiin-nelikten-raimmen-zandy-neke-qidyrmaganyn-aitty-video/