Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Іш пысқанда, бір қырылып аламыз": "Келінжан" сериалындағы Мәдібектің өмірдегі жұбайы жайлы не білеміз

Опубликовано:

Назар Шархан жұбайы Ақбөпемен студияда қонақта
Назар Шархан жұбайы Ақбөпемен: "Хабар" арнасы

"Келінжан" сериалында Мәдібек рөлі арқылы танылған Назар Шарханның шынайы өмірдегі жұбайы Ақбөпе "Ұйқым келмейді" жобасында қонақ болып, өз отбасылары туралы алғаш рет айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көпшілік "Келінжан" сериалындағы Мәдібек (Назар Шархан - ред.) пен Балқияны (Нұргүл Маңғытова - ред.) шынайы өмірде де ерлі-зайыпты деп ойлайды. Осы сұраққа актер өз нүктесін қойды.

"Иә, бізді көпшілігі солай ойлайды. Біз өз рөлімізге берілгеніміз соншалық, халық та сеніп қалады. Шын мәнінде, Нұргүлдің өз отбасы, менің өз жанұям бар", - деді Назар Шархан.

Студияға Назардың әйелі Ақбөпе де келді. Телевизия саласында қызмет ететін ол танымал сатирик Толымбек Әлімбекұлының қызы екен.

"Мен бала күнімде рэперге тұрмысқа шығамын деп көп айтатын едім. Расында, Назар рэп оқиды. Күйеуімді сериалдағы әйелінен қызғанбаймын. Нұргүлдің отбасымен де араласамыз, отырыстарда бірге боламыз. Қызғаныштан гөрі, сенім басым", - деді актердің әйелі Ақбөпе.

"Иә, іш пысқанда бір қырылысып аламыз", - деп әзілдеді Назар Шархан.

Айта кетелік, Назар Шархан "Келінжан" сериалында үйдің ортаншы ұлы Мәдібектің рөлін ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2014022-is-pysqanda-bir-qyrylyp-alamyz-kelinzan-serialyndagy-madibektin-omirdegi-zubaiy-zaily-ne-bilemiz/

pixel