Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оларды не байланыстырады?": Құрмаш Маханов желіде тараған суреттерге қатысты шындықты айтты (фото)

Опубликовано:

Құрмаш Маханов пен Айгерім Қалаубаева
Құрмаш Маханов пен Айгерім Қалаубаева. Фото: "Таңшолпан" бағдарламасы

Танымал әнші Құрмаш Маханов "Таңшолпан" бағдарламасында қонақта болып, өзінің "үйлену тойынан" тараған суреттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде Құрмаш Махановтың той көйлегіндегі Айгерім Қалаубаева, Айгүл Иманбаевамен түскен суреттері таралды. Бұған қатысты шындықты Құрмаш Махановтың өзі айтқан.

"Кезінде талай әншінің бағын ашқан "Ұят болмасын" деген бағдарлама болды. Сол жобада мен Бекжан Тұрыс ойнайтын Ақылбай ақсақалдың жиенін сомдадым. Бойдақ жігіттің рөлі еді. Бағдарлама сценариі бойынша маған барлығы қашан үйленесің деумен болады. Кейін аталған бағдарламаға клип түсіріліп, сол бейнебаянда мені "үйлендіреді". Айгерім Қалаубаева қалыңдықтың рөлін ойнады. Екеуміздің "Москвичпен" келе жататын жерлеріміз бар. Ал Айгүл Иманбаевамен түскен "үйлену тойындағы" сурет менің бейнебаянымнан алынған", - деді әнші.

Құрмаш Маханов пен Айгүл Иманбаева
Құрмаш Маханов пен Айгүл Иманбаева. Фото: "Таңшолпан" бағдарламасы

Еске сала кетейік, бүгінде Құрмаш Маханов өзінің сүйікті жарымен бақытты өмір сүруде. Ол болашақ жарына кездесер алдында ерекше ән жазғанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2014082-olardy-ne-bailanystyrady-qurmas-maxanov-zelide-taragan-suretterge-qatysty-syndyqty-aitty-foto/

pixel