Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мүлдем үйге келмейтін ": Зарина Омарова күйеуі жайлы айтып, көз жасына ерік берді (видео)

Жарияланған күні:

Зарина Омарова
Зарина Омарова. Фото: "Қыздар-ай" бағдарламасы

Отандық әнші Зарина Омарова он жыл бойы өнерден қол үзіп, өмірін отбасына арнаған. "Қыздар-ай" бағдарламасына келген әнші күйеуі екеуінің арасында болған оқиғаны айтып, бағдарламада көзіне жас алды. Әнші күйеуінің мүлде үйге келмейтін, жанына жоламайтын сәттері болғанын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, сахнадан он жылға алшақтаған уақытта мүлде әлеуметтік желіге де кірмеген. Зарина Омарова бағдарлама барысында мұның бәріне артық салмағы әсер еткенін де жасырмады.

"Ең қиыны артық салмақтан арылу болды. Күйеуімнің менен ұялып жүрген кезі болды. Менен алшақтап, мені өзімен еш жерге алып шықпайтын. Жолдасым екеуіміз бірге көтерілдік.

Жолдасым көтерілу үшін тақымын қысып, киімін үтіктеп, тамағын жасап, жағдайын жасап отырдым. Күйеуі құқық қорғау орнында қызмет ететін келіншектер мені түсінеді. Мүлдем үйге келмейтін. Жұмысы өте ауыр. Үйде жалғыз өзім болдым деп айтсам да болады.

Күйеуім өте ажарлы, сымбатты жігіт. Сол себепті қызғаныш та болды. Өйткені, салмақ қосып алғанмын. Үйде екі баламды құшақтап алып жататынмын. Менің ата-анам бала кезде ажырасты. Мен оны қаламадым. Менің балаларым оны көрмеуі керек дедім. Үшінші сыныпта ата-анам ажырасты. Содан кейін мен өзіме "Ажыраспаймын. Бәріне шыдаймын. Мен бәріне төтеп беремін. Балаларым әкесіз өспейді" дедім. Құдайға шүкір, шыдап келе жатырмыз ғой.

Жаныма да жатпайтын, жоламайтын кездері болды. Мен оның бәріне шыдадым. Сосын өзіме "Бұрынғы Зарина қайда" дедім. Өз-өзімді жеңдім. Сахнаға қайта ораламын, әдемі боламын деп өзіме серт бердім. Күйеуіме "Көресің. Бірақ сен мені сахнаға шығарасың, ақшаны төлейсің, ән жазып бересің" дедім. Шүкір, жолдасым бәрін орындады. Қазіргі таңда күйеуімнің тарапынан қызғаныш бар. Шынайы бақыттымын, шүкір. Екі балам ержетті. Өзім сүйікті сахнамдамын. Жұбайым жақсы қызметте. Неге мен бақытты болмайын", - деді көзіне жас алған Зарина Омарова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2014126-muldem-uige-kelmeitin-zarina-omarova-bagdarlamada-zan-syryn-aqtaryp-koz-zasyna-erik-berdi-video/