Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"52 өлшемдегі киім кидім": Әнші Зарина Омарова қалай артық салмағынан арылғанын айтты

Опубликовано:

Зарина Омарова
Зарина Омарова. Фото: Instagram/zarina_omarova_official

Танымал отандық әнші Зарина Омарова өнер әлемінен он жылға алыстап кеткен. Сахнаға қайта оралған әнші "Қыздар-ай" бағдарламасында артық салмағынан қалай арылғанын айтып, жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Барлығы адамның өзіне байланысты. Ойыңды жинақтап, бір мақсатқа талпынсаң болды. Бірінші - диета, сосын спортпен айналысасың. Барлығын бірден алып жүруге болмайды. Диета ұстап, спортпен айналысып, денеңді жинайсың. Сосын әдемі көйлек алып қойып, соны киюге ұмтыласың.

Мен мысалы 52 өлшемді киім кидім, қазір - 44 өлшем киемін. Мен мойындаймын, өзімді тастап жібердім. Әріптестерімен қараймын, бәрі жарқырап сахнада жүр. Мен асханада ыдыс жуып, армандаймын. Оның бәрі өмір, өкінбеймін. Балаларым өсті, күйеуімнің жұмысы өсті. Бұл әйелдің парызы деп есептеймін. Соның бәрін орындап, балаларды өсіріп, сымбатымды жинадым. Қыз-келіншектерге айтарым, барлығы өзіңізге байланысты", - деді Зарина Омарова.

Бағдарлама барысында Зарина Омарованың анасы да қызының он жыл үйде отырған сәттегі өмірін баяндап берді.

"Босанғаннан кейін Зарина толып кетті. Біздің тұқымымызда бар енді толу деген. Менің ішім жылайтын. Зарина сахнаны аңсап, маған жылайтын. Балалардың анасы, күйеу баламның жолдасы болып, тамағын істеп, күйеуін күтті. Бірақ ішіндегі арманы басқаша болды. Соңында күйеу балам өзі түсінді", - деді Зарина Омарованың анасы.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Зарина Омарова отбасылық құпиясын бөлісіп, көзіне жас алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2014147-52-razmer-kidim-ansi-zarina-omarova-qalai-artyq-salmagynan-arylganyn-aitty/