"Айына 10 млн теңге": Нұрболат Қанай гонорары жайлы ашып айтты
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Нұрболат Қанай айлық табысы жайлы айтты. Taboo бағдарламасына келген әнші айына 10 млн теңгеден аса табыс табатынын мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Айына есептемеппін. Қаламақым - 1,5 млн теңге. Тойға да, концертке де шыға беремін. Той бар, шүкір. Осы наурыз айы бос емеспін мысалы. Кететін нәрселер бар", - деді Нұрболат Қанай.
Бағдарлама жүргізушісі Анар Батырхан әншіден "Айына 10 млн теңгеден аса ма?", - деп сұрады.
Ол: "Шүкір, иә", - деп жүргізушінің сөзін растады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Нұрболат Қанай 35 жасында өнерден кеткісі келетінін мәлім еткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2014206-aiyna-on-mln-tenge-nurbolat-qanai-gonorary-zaily-asyp-aitty/