Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдызай Дүйсенбиева Жаманқұловтың өзінен актриса шықпайтынын айтқанын жеткізді

Опубликовано:

Жұлдызай Дүйсенбиева
Жұлдызай Дүйсенбиева. Фото: "Менің өмірім" бағдарламасы

Отандық актриса Жұлдызай Дүйсенбиева фильм түсіріп, көпшілікке ұсынбақ. Өнер иесі "Менің өмірім" бағдарламасында кезінде Тұңғышбай Жаманқұловтың өзінен актриса шықпайтынын айтқанын еске алып, жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мені баяғыда Тұңғышбай Жаманқұлов көкеміз актриса болмайсың деп, жаратпай тастаған. "Сенен актриса шықпайды. Бойың жерден жарты-ақ қарыс шығып тұр. Дауысың жақсы енді, жетіп тұр. Қатты айқайласаң, Алматыдан Шымкентке дауысың жетеді екен" деген. Сол кезде маған осы кісі осылай айтты-ау, әртіс болмаймын деп ойламадым.

Кейін "Шаншарға" Тұңғышбай көке (Жаманқұлов - ред.) келіп, "Мынау не деген ойын" десе, "Көке, мені Кентауда тастап кеткенсіз" деп айта салғанмын. Ол кісілерге сөйлеуге ешкімнің батылы жетпейді ғой. Балалығым шығар, айта салыппын. "Сонда сен Тұңғышбайды тыңдамай, әртіс болып кеттің бе? Жарайсың, қандай батыл қыз" деді. Мен ол сөзді көңіліме алған жоқпын. Мен бұл тек бір Тұңғышбай көкенің пікірі деп ойладым" , - деді Жұлдызай Дүйсенбиева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2014319-zuldyzai-duisenbieva-tungysbai-zamanqulov/

pixel