Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Осымен бәрі бітсін": Жұлдызай Дүйсенбиева ұстазы Уәлибек Әбдірайымовпен 14 жылдан бері араласпайтынын айтты

Жарияланған күні:

Жұлдызай Дүйсенбиева мен Уәлибек Әбдірайымов сахнада қойылым кезінде
Жұлдызай Дүйсенбиева мен Уәлибек Әбдірайымов. Фото: youtube/@SHANSHAR1

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева "Шаншар" театрындағы жетекшісі әрі ұстазы Уәлибек Әбдірайымовпен неліктен араласпай жүргенін айтты. Бұл туралы ол Асхат Садырбайдың Paradox жобасына мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Үлкен кісі ғой. Адам жасы үлкейген сайын ренжігіш болады екен. Ол кісі менен 20 жас үлкен. Менің өзім қазір біреу бірдеңе айтса, жылап қаламын. Әйтпесе мен Уәкең туралы ешбір телеарнаға айтқан емеспін. "Осы кісі оңбаған, осының кесірінен аш қалдым", - демедім. "Жұлдызай аш қалдым деп айтты", - деп біреулер жеткізіпті. Мен негізі ол кісінің алдында дұрыс емес нәрсе жасадым деп ойламаймын. Жақсы көрем. Уәкеңе де айтқам. "Маған қанша ұрысып, 9 қабаттан лақтырып жіберсеңіз де, тіземді қағып, қайтадан барып мойныңыздан құшақтаймын. Ал не істейсіз?", - дегем.

Уәкең мен үшін орны бөлек адам болып қалады. "Шаншар" мен үшін қара шаңырақ болып қалады. Содан өстім, өндім. Өкпем жоқ ол кісіге. Бірақ байқамай көңіліңізге тиетін сөздерді эмоциямен айтып қалған болсам, 19 миллион халықтың алдында кешірім сұраймын. Алла разылығы үшін кешіріңіз. Мен сізді жек көрмеймін де... Өкпем де жоқ. Осымен 14 жылдық әңгіме бітсін, құдай қаласа. Әйтпесе ұзап кетті. Негізі, үлкен кісіге бәрі жарасады. Өкпелесе, өкпелеген де жарасады. Ұрысса, ұрысқан да жарасады. Жамандамаймын, ал мені жамандаса, көңіліме алмаймын", - деді Жұлдызай.

Айта кетелік, бұған дейін Жұлдызай Дүйсенбиева өзінің актрисалық талантына Тұңғышбай Жаманқұловтың сенбегенін жеткізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2014346-osymen-bari-bitsin-zuldyzai-duisenbieva-14-zyldan-beri-ustazy-ualibek-abdiraiymovpen-renzisip-zurgenin-malimdedi/