jitsu gif branding logo appbranding logo app

Диана Қырықбай әнші Медет Көжекбаев екеуіне қатысты тараған қауесетке нүкте қойды

Диана Қырықбай тележүргізуші
Диана Қырықбай. Фото: instagram.com/diana_kyrykbay

Тележүргізуші Диана Қырықбай отандық әнші Медет Көжекбаев екеуінің қарым-қатынасына байланысты тараған қауесетке нүкте қойды. "Қыздар-ай" бағдарламасына келген тележүргізуші бірнеше жыл бұрын жоба түсірілімі үшін әншімен ғашықтардың кейпінде жүргенін мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама барысында жүргізуші Аша Матай Дианадан "Сені Медет Көжекбаевпен кездесті деген сыбыс естідім. Бұл рас па?", - деп сұрады.

"Ол 2012 жылдары болған әңгіме. Біз "Шіркін Life" бағдарламасында бірге түсірілімде болдық. Сол кезде продюсерлердің қалауымен біз ғашықтардың кейпінде жүрдік. Бірақ Медетке (Көжекбаев - ред.) деген сезімім ешқашан болмаған. Оның да маған деген сезімі болмаған", - деп ағынан жарылды Диана Қырықбай.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Диана Қырықбай өзіне қандай жігіттер ұнайтынын айтқан болатын.

Диана Қырықбай әнші Медет Көжекбаев екеуіне қатысты тараған қауесетке нүкте қойды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.