Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өте мұқият адам": Айнұр Ілиясова күйеуінің қандай адам екенін айтты

Опубликовано:

Айнұр Ілиясова
Айнұр Ілиясова. Фото: "Қыздар-ай" бағдарламасы

Отандық актриса, тележүргізуші Айнұр Ілиясова жұбайымен бірге үш қыз тәрбиелеп отыр. Өнер иесі "Қыздар-ай" бағдарламасында күйеуі жайлы жан сырын ақтарып, оның қандай адам екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Күйеуім қызғаншақ емес. "Қайда барасың" деп миымды ашытпайды. Осындай жоба бар, мына қалаға бару керек десем, келісімін береді. "Керек болса, бар. Өзіңе қалай ыңғайлы, солай жұмыс жаса" дейді. Бірақ мен де бетіммен кетпеймін.

Өте мұқият адам. Үш қызы үш жақтан әкелеген кезде, жүрегі елжіреп кетеді. Қыздардың шашын тарайды, жуындырады. Мен де жанында отырып алып, "Маған да жасап берші" деймін. Күйеуі әйелінің шашын тарауы екеуінің арасындағы жақындықты көрсетеді. Оған үнемі "Сен мені қатты құшақтап, гүл сыйласаң", қыздар оны көреді де, бізді одан да қатты жақсы көреді. Біз құшақтасып тұрсақ, қыздарымыз мәз болып қалады", - деді Айнұр Ілиясова.

Естеріңізге сала кетейік, Айнұр Ілиясова жақында бірге толған кенже қызының тұсаукесерін жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2014682-ote-muqiyat-adam-ainur-iliyasova-kuieuinin-qandai-adam-ekenin-aitty/