Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айнұр Ілиясова қызының тұсаукесерін өткізді (фото, видео)

Опубликовано:

Айнұр Ілиясова қызымен
Айнұр Ілиясова қызымен. Скриншот: instagram.com/ainur_ilyasova

Қазақстандық актриса Айнұр Ілиясова кенже қызы Латифаның тұсауын кесті. Өнер иесі қуанышын Instagram желісінде көпшілікпен бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Латифаның тұсауын 1 жас 2 айға толған кезде кестік. Барлығы жақсы өткен секілді. Құттықтауларды оқып жатырмын, рахмет", - деп жазды актриса.

Айнұр Ілиясова қызының тұсауын кесті
Айнұр Ілиясова қызымен. Коллаж: instagram.com/ainur_ilyasova

Айта кетейік, Айнұр Ілиясова 2021 жылдың желтоқсанында үшінші рет ана атанған болатын.

Ал желі қолданушылары кішкентай Латифаға тілегін білдіріп, алғашқы қадамына құтты болсын айтты.

"Қадамы құтты болсын", "Ғұмырлы болсын", "Қандай керемет", "Бақытты қыз боп өссін", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2012961-ainur-iliyasova-qyzynyn-tusaukeserin-otkizdi-foto-video/

pixel