Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айым Сейтметова қызының 1 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Айым Сейтметова қызымен
Айым Сейтметова қызымен. Фото: instagram.com/aiymsm

Былтырғы жылы алғаш рет ана атанған актриса Айым Сейтметова қызының бір жасын дүркіретіп атап өтті. Актрисаның тұңғышы Томиристің туған күнінде әншілер де төбе көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Данагүл Темірсұлтанованың жиенінің бір жас тойына әншілер арасынан Мақпал Жүнісова мен Салтанат Бақаева барған.

Өнер иелері әлеуметтік желіде Айым Сейтметованың қуанышынан естелік жариялап, бір жасқа толған Томириске ақ тілегін жаудырды.

Той үстінде Томиристің нағашы әжесі Данагүл Темірсұлтанова мен құдағиы халық әртісі Мақпал Жүнісоваға браслет сыйлады. Бұл жайлы Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, танымал актриса әрі блогер Айым Сейтметова былтыр алғаш рет ана атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2014854-aiym-seitmetova-qyzynyn-1-zasqa-tolgan-tugan-kunin-durkiretip-atap-otti-foto-video/