Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шығармашылық адамы емес": Гүлназ Жоланова күйеуі жайлы құпиясын бөлісті (фото)

Опубликовано:

Гүлназ Жоланова
Гүлназ Жоланова. Фото: instagram.com/zholanova_gulnaz

Жақында тұрмысқа шыққан актриса Гүлназ Жоланова күйеуі жайлы құпиясын бөлісті. Өнер иесі Instagram желісінде оқырман сауалына жауап берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актрисаның айтуы бойынша, ол күйеуімен бірге үйлену рәсімінің барлығын атқарып үлгерген. Алайда жұбайының жеке шекарасын бұзбау үшін, көпшілікке жария етпеген.

"Барлығына бірден жауап берейін. Біздің үйленуге қатысты барлық дәстүрлі шараларымыз өтті. Күйеуім шығармашылық адамы емес. Әлеуметтік желіде де отырмайды. Жұбайымның жеке шекарасын бұзғым келмегендіктен, сурет пен видео болмады. Жасы 32-де", - деді актриса.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың ақпанында актрисаға сырға салынған болатын.

Гүлназ Жоланова сторис
Гүлназ Жоланова сторис. Скриншот: instagram.com/zholanova_gulnaz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2014887-sygarmasylyq-adamy-emes-gulnaz-zolanova-kuieui-zaily-qupiyasyn-bolisti-foto/

pixel