Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүзігімдегі тастар түсіп қалады": Белгілі әнші өзіне тіл-көз өткенін қалай байқайтынын айтып берді

Опубликовано:

Нұрсұлтан Нұрбердиев сахнада
Нұрсұлтан Нұрбердиев. Фото: YouTube/NursultanNurberdiev

Танымал әнші Нұрсұлтан Нұрбердиев Анна Данченко жүргізетін Қызықты Weekend жобасында қонақ болып, өз өміріндегі қызықты оқиғаларды бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әнші өзіне концерттік костюмдерді ерекше стильмен дайындайтынын айтты. Әсіресе, Нұрсұлтанда таспен көмкерілген сахналық киімдер көп болып шықты.

"Негізі көпшілік тасты тіл-көзден сақтау үшін салып жатады. Енді менің костюмдерімде тас түсіп қалғаны кездеспеді. Бірақ жүзігімдегі тастар жиі түсіп жатады. Соны көп байқаймын", - деді әнші.

Әншінің айтуынша, оның әрбір костюмі 1 жарым миллион теңгеге тігіледі. Эстрада жұлдызы костюмдеріне сәйкестендіру үшін аяқ киімдерін де жылтыр таспен сәндейтінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2015081-zuzigimdegi-tastar-tusip-qalady-belgili-ansi-ozine-til-koz-otkenin-qalai-baiqaitynyn-aityp-berdi/

pixel