Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жақында тұрмысқа шыққан Жанар Дұғалова жаңа суретімен көпшілікті сүйсінтті (фото)

Опубликовано:

Жанар Дұғалова
Жанар Дұғалова. Фото: instagram.com/zhanar_dugalova

Жақында астаналық азаматқа тұрмысқа шығып, келін атанған Жанар Дұғалова тойдан кейін ел адына шықты. Әнші Instagram желісінде жаңа суретін бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дұғалова желідегі оқырмандарын қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

Ал желі қолданушылары әншінің жаңа өмірге аяқ басуымен құттықтап, ақ тілегін арнады.

"Бақытты бол", "Қосағыңмен қоса ағар", "Ерекше әдемісіз", "Бақыт тілеймін", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жанар Дұғалованың ұзату тойы өткен болатын. Қазақы салт-дәстүрмен ұзатылған әншіні той соңында Мадина Сәдуақасова күйеу жігіттің қолына тапсырды.

Сонымен қатар желіде Жанар Дұғалованың күйеу жігітің кім екені жайлы ақпарат пен суреті таралып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2015341-zaqynda-turmysqa-syqqan-zanar-dugalova-zana-suretimen-kopsilikti-suisintti-foto/

pixel