Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

9 айлығында тәй-тәй басқан Жәния Джуринскаяның қызы көпшілікті таңғалдырды (видео)

Опубликовано:

Жәния Джуринская актриса
Жәния Джуринская. Фото: instagram.com/djurinskaya

Отандық актриса Жәния Джуринская қызының алғашқы қадамын көпшілікке көрсетті. Өнер иесі тұңғышының 9 ай 3 күн дегенде тәй-тәй басқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Джуринская қызының видеосын Instagram парақшасында жариялаған.

"Қызым 9 ай 3 күн дегенде алғашқы қадамын жасады. Ал сіздің балаңыз қанша жасында жүрді", - деп сұрады ол оқырмандарынан.

Ал желі қолданушыларының көбі актрисаның қызы Софияның бір жасқа жетпей жүргеніне таңғалғанын жасырмады.

"Анасына ұқсаған пысық болып тұр ғой", "Қадамына нұр жаусын", "Менің төрт балам да он айлығында жүрді", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Жәния Джуринская 2022 жылдың маусымында алғаш рет ана атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2015482-9-ailygynda-tai-tai-basqan-zaniya-dzurinskayanyn-qyzy-kopsilikti-tangaldyrdy-video/

pixel