Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асанәлі Әшімов шапанын Алтынбек Қоразбаевқа жапты (фото, видео)

Опубликовано:

Асанәлі Әшімов Алтынбек Қоразбаевқа шапан жапты
Асанәлі Әшімов, Алтынбек Қоразбаев. Фото: Алтынбек Қоразбаевтың 75 жылдық мерейтойы

КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов өнердегі інісі Алтынбек Қоразбаевқа шапанын ырымдап жапты. Актер оншақты жыл оншақты жыл киілген шапанын композитор Алтынбек Қоразбаевтың 75 жылдың мерейтойына тарту еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қымбатты інім, Алтошка, (Алтынбек Қоразбаев - ред.) қайдасың? Қазақта ағасының ескісін інісі ырым қып киетін салт бар. Мен де бүгін оншақты жылдан бері киіп жүрген шапанымды Алтошкаға ырымдап әкелдім", - деді үстіндегі шапанды шешіп, Алтынбек Қоразбаевтың иығына жапқан Асанәлі Әшімов.

Ал Алтынбек Қоразбаев иығына жабылған шапанды иіскеп, түшкіріп әзілдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның халық әртісі, композитор, әнші Алтынбек Қоразбаев 75 жасқа толды.

Композитордың туған күнінде Тоқтар Серіков пен Мейрамбек Бесбаев бастаған шәкірттері ұстазына көлік мінгізді.

Асанәлі Әшімов, Алтынбек Қоразбаев
Асанәлі Әшімов, Алтынбек Қоразбаев. Фото: Алтынбек Қоразбаевтың 75 жылдығы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2015515-asanali-asimov-oz-sapanyn-altynbek-qorazbaevqa-zapty-foto-video/