jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Отандық танымал блогер жаяу курьер болып жүрген азаматқа мопед сыйлады (видео)

    блогер NNN
    Нұрдәулет Бектұрсын. Скриншот: "Taboo" бағдарламасы

    Көпшілікке NNN лақап атымен танылған блогер Нұрдәулет Бектұрсын жаяу жеткізу қызметін атқаратын орта жастағы азаматқа мопед сыйлады. Курьер қызметін атқаратын адамға жасаған тосынсыйды блогер Instagram желісінде жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Видеодан Нұрдәулет пен достарының жаяу жеткізу қызметін атқаратын азаматты кездестіріп қалғанын байқауға болады. Ол кісі алғашында блогермен сөйлесуге келіспей, тапсырысты жеткізуге асығып тұрғанын айтады.

    "Уақытым жоқ. Үш минутта жеткізбесем, штраф салады. Мопедім осы", - деп қос аяғын көрсетеді орта жастағы тапсырыс жеткізуші блогерге.

    Осыдан соң блогер мен достары аталмыш азаматпен бірге тапсырысты жеткізіп, соңында ол кісіге мопед сыйлайды.

    Видеодан мұндай сыйлықты күтпеген ер адамның алғыс айтып, мопедті мініп кеткенін көруге болады.

    Ал желі қолданушылары блогердің бұл ісін құптап, жақсылығы үшін алғыс айтты.

    "Жарайсың", "Қасиетті Рамазан айында сауапты іс жасадың", "Сен сияқты азаматтар көбейе берсін", - деп жазды желідегілер.

    Отандық танымал блогер жаяу курьер болып жүрген азаматқа мопед сыйлады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.