Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәмшат Жолдыбаева хиджаб кигені үшін сынаған көпшілікке жауап берді (фото)

Опубликовано:

Кәмшат Жолдыбаева актриса
Кәмшат Жолдыбаева. Фото: instagram.com/kamshat__zholdybayeva

Жақында ұзатылған әнші Кәмшат Жолдыбаева көпшілік алдына хиджабпен шыққан болатын. Осыдан соң желі қолданушыларынан сын естіген актриса бұл ісінің себебін көпшілікке түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушысының бірі "Неге орамалды біресе тағып, біресе шешіп жүрсіз? Хиджаб киді деген ақпарат желіге шығып еді", - деп Жолдыбаеваға сауал жолдаған.

Ал өнер иесі Instagram парақшасында оқырманына жауап қайтарып, орамалға толық келмегенін жеткізді.

"Желіде жазатын сөздерге сене берудің қажеті жоқ. Толық ормалға көшпесем де, 10 күн бойы оранып, қасиетті мекенде құлшылық етіп келдім. Сол видеодан тараған ақпарат болар. Алда қандай өзгерістер, толықтырулар болатынын бір Алла ғана біледі. Ниетім бар", - деп жауап берді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың наурызында Кәмшат Жолдыбаеваға сырға салынып, ұзатылған болатын.

Ал кейінірек желіде отандық актер Ғазрет Қажымұқанұлының үйіне келін болып түскен Кәмшат Жолдыбаеваның басына ақ орамал салған сәттің видеосы тарады.

Кәмшат Жолдыбаева сторис
Кәмшат Жолдыбаева сторис. Скриншот: instagram.com/kamshat__zholdybayeva

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2015740-kamsat-zoldybaeva-xidzab-kigeni-usin-synagan-kopsilikke-zauap-berdi-foto/