Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрболат Абдуллин үшінші қызына ерекше есім қойды

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин
Нұрболат Абдуллин. Фото: instagram.com/nurbullin

Отандық әнші Нұрболат Абдуллинның бірнеше күн бұрын үшінші қызы дүниеге келді. Өнер иесі нәрестеге қандай есім қойғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы әнші Instagram парақшасында баяндады.

"Тағы да өзім қойдым. Минуар", - деп жазды әнші.

Сонымен қатар Нұрболат Абдуллин Минуар есімінің қандай мағына беретінін де түсіндіре кетті. Әншінің жазбасына сүйенсек, Минуар - араб тіліндегі "Мунаввара" есімінің түрікше түрі. "Жарық", "нұрлы", "Медина қаласы" деген мағынаны білдіреді.

Айта кетейік, Нұрболат Абдуллиннің Минуардан бөлек Шахназ және Табиғат есімді екі қызы бар.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Нұрболат Абдуллиннің менеджері әншінің үшінші рет қызды болғанын мәлімдеген болатын.

Нұрболат Абдуллин сторис
Нұрболат Абдуллин сторис. Скриншот: instagram.com/nurbullin

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2015858-nurbolat-abdullinnin-usinsi-qyzyna-qandai-esim-qoigany-belgili-boldy/

pixel