Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарызға кіргізіп кетті": Айдар Тұрғанбек шай бизнесінің тоқтап қалу себебін мәлім етті

Опубликовано:

Айдар Тұрғанбек
Айдар Тұрғанбек. Фото: instagram.com/aidar_turgambek

Отандық әнші Айдар Тұрғанбек осыдан біраз уақыт бұрын шай бизнесін бастаған болатын. Алайда өнер иесі қазіргі таңда кәсіпкерлікті тоқтатқан, деп жазады NEGE.KZ сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мен серіктесті дұрыс таңдай алмадым. Анығын айтқанда, мені алдап, қарызға кіргізіп кетті. Дегенмен, адам таңдай алмағандықтан қателік өзімнен деп білемін", - деді әнші.

Сонымен қатар Айдар Тұрғанбек өзін қыз ұзатқаны үшін сынағандарға да жауап берді.

"Бұрын қыз ұзатылғанда ән салмаған. "Сыңсу" деген болған. Оның өзін ағайын-жұртымен қоштасу ретінде қыздың өзі салған. Мысалы, "Әкеңдей камқор болар-ау деумен, Тапсырдым сені кұдама, қызым", "Аршыған жұмыртқадай аппақ көркің, Өзіңдей қарындасты қайдан табам..." деген сынды ескі әндердегі жолдан-ақ қыз бала ұзатылғанда, ер-азаматтың тілегін әнмен жеткізгенін аңғаруға болады. Сондықтан бұл бізге таңсық емес.

Оның үстіне мен бар болғаны әкесі мен ағасының ақжарма тілегін жеткізу мақсатында ән айтып тұрамын. Ал жеңгелері жетектеп шығарып салады. Бұл біздің дәстүрімізде бар дүние болғандықтан, тырнақ астынан кір іздеудің қажеті жоқ деп ойлаймын", - деді өнер иесі.

Естеріңізге сал кетейік, осыған дейін Айдар Тұрғанбек бірінші некесінен туған қызымен қарым-қатынасы жайлы айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2016091-qaryzga-kirgizip-ketti-aidar-turganbek-sai-biznesinin-toqtap-qaluyna-ne-sebep-bolganyn-aitty/

pixel