Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Айдар Тұрғанбек өзі жайлы "жат ағымның жетегінде жүр" деген қауесетке жауап берді

Опубликовано:

Айдар Тұрғанбек әнші
Айдар Тұрғанбек. Фото: instagram.com/aidar_turgambek

"Жігіттер" квартетінің әншісі Айдар Тұрғанбек өзі жайлы "жат ағымның жетегінде жүр" деген қауесетке жауап берді. Өнер иесі сәждеге бас қоюына не түрткі болғанын ашып айтты, деп жазады NEGE.KZ сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мен өзге ағымға кетіп қалсам, әншілікті мүлде тастап кеткен болар едім. Өзіміздің дәстүрлі дінді ұстанамын. Дін істері басқармасы құптап, нұсқаған жолмен жүріп келемін. Әйтпесе, өзгенің жетегіне еріп, жанымнан алып қосып-жатқан ештеңе жоқ", - деді Айдар Тұрғанбек.

Сонымен қатар әнші сәждеге бас қоюына не түрткі болғанын ашып айтты.

"Жасыратыны жоқ, көп адам иманға сынақпен келіп жатады. Негізі, ақылмен келген жөн. Оның үстіне мен үлкен медресесі бар Сарыағаштағы нағашыларымның қолында өстім. Ал ол кісілердің көбі - дін таратушы ғалым. Сондықтан жастайымнан намаз бен оразаның не екенін көріп-біліп өстім. Құран маған таңсық болмағандықтан, намазға жығылу қиын болмады", - деді ағынан жарылған Айдар Тұрғанбек.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Айдар Тұрғанбек шай бизнесінің тоқтап қалу себебін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2016115-ansi-aidar-turganbek-zat-agymnyn-zeteginde-ketti-dep-synagandarga-zauap-berdi/

pixel