Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш": Жұлдызай Дүйсенбиева Бағлан Әбдірайымның жауабынан соң мәлімдеме жасады (видео)

Опубликовано:

Жұлдызай Дүйсенбиева, Бағлан Әбдірайым
Жұлдызай Дүйсенбиева, Бағлан Әбдірайым. Фото: instagram.com/baglan_abdraimov_official

Осыдан біраз уақыт бұрын отандық актриса Жұлдызай Дүйсенбиева әнші Бағлан Әбдірайымовтың киносына түсірмей қойғанын айтқан болатын. "Жігіттер" тобының әншісі актрисаның ренішіне жауап берді. Ал актриса Бағлан Әбдірайымовтың жазбасынан соң мәлімдеме жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш" деген. Алладан ұлық емеспіз. Мен ренжімедім, жай ғана достық назым ғой, егізім. Нағыз ер-азамат осындай болу керек. Қызды сыйлап, көпке үлгі болдың, рахмет. Бір-екі күнде ем-дом жақсы натиже берсе, кездесерміз. Саған да сәттілік", - деп жазды Жұлдызай Дүйсенбиева Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын отандық актриса Жұлдызай Дүйсенбиева әнші Бағлан Әбдірайымовтың киносына түсірмей қойғанын айтқан болатын.

Ал "Жігіттер" тобының әншісі актрисаның ренішіне жауап беріп, Жұлдызай Дүйсенбиеваны неліктен киноға түсірмегенін түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2016166-aldyna-kelse-atannyn-qunyn-kes-zuldyzai-duisenbieva-baglan-abdiraiymnyn-zauabynan-son-malimdeme-zasady-video/

pixel