"Біраз шықпауым мүмкін": Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы сыр беріп жүргенін айтты (фото)
Жарияланған күні:
Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева көпшілікке отбасын көрсетті. Өнер иесі Instagram желісінде денсаулығына байланысты көп түсірілімнен бас тартқанын да жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Отандық фильм түсіріп, көпшілікке ұсынған актриса жазбасы арқылы оқырмандарын киносына шақырған.
Сонымен қатар актриса желіде биыл көп ауырғандықтан, түсірілімнен бас тартқанын мәлім етті.
"Жылдың басынан бастап, биыл көп ауырдым. Біраз түсірілімнен бас тарттым. Денсаулық керек. Сондықтан киноға барып, көріп алыңыздар. Енді біраз шықпауым мүмкін", - деп жазды актриса.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын отандық актриса Жұлдызай Дүйсенбиева әнші Бағлан Әбдірайымовтың киносына түсірмей қойғанын айтқан болатын. "Жігіттер" тобының әншісі актрисаның ренішіне жауап берді. Ал актриса Бағлан Әбдірайымовтың жазбасынан соң мәлімдеме жасады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2016406-biraz-syqpauym-mumkin-zuldyzai-duisenbieva-kopsilikke-otbasyn-korsetti-foto/