Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Данагүл Темірсұлтанова мен Азат Сейтметов жиенді болды (фото)

Опубликовано:

актерлер
Данагүл Темірсұлтанова мен Азат Сейтметов. Фото: instagram.com/danagultemirsultanova

Қазақстандық актерлер Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанова жиенді болды. Бұл жайлы актриса Instagram желісінде хабарлап, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қош келдің ортамызға, ботам. Аллаға шүкір", - деп жазды актриса.

Айта кетейік, жаңа туған нәресте Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанованың екінші немересі. Осыған дейін жұлдызды жұптың қызы Айым Сейтметова қыз босанған болатын.

Желі қолданушылары Темірсұлтанова мен Азат Сейтметовтің қуанышына ортақтасып, ақ тілегін арнады.

"Бауы берік болсын", "Құтты болсын", - деп жазды желідегілер.

Сонымен қатар бұл жаңалықты жұлдызды жұптың қызы Айым Сейтметова да растап, жиенді болғанын Instagram желісінде хабарлады.

"Мен нағашы атандым. Айша Сейтметова босанды. Анамыз бізді осы перзентханада дүниеге әкелген. Мен жылап отырмын", - деп жазды Айым Сейтметова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2016449-danagul-temirsultanova-men-azat-seitmetov-ziendi-boldy-foto/

pixel