Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тоқтар аға, құлынымды беріңізші": Қанат Әлжаппаров танымал әншіден уәде етілген жылқысын сұрады

Опубликовано:

Қанат Әлжаппаров
Қанат Әлжаппаров. Фото: instagram/alzhapbarov

Елімізге белгілі әзілкеш Қанат Әлжаппаров "Хабар" арнасындағы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында арнайы қонақ болып, көпшіліктің алдында Тоқтар Серіковтен бұйымтайын сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қарағандыдағы тойда ағамыз: "Тұлпарларым бар", - деп айтты. "Ойбай, айналайын, саған неге бір құлынды бермеске?! Атадым" - деді. Бірақ өзім сұрамадым сол күйі. Ағамен де кездеспейміз. Кездескен кезде де ат сұрайтындай жағдайда кездеспейміз. Бірақ бір сұрарым бар әлі, өсіп қалған шығар. Аға, Тоқтар аға, құлынымды беріңізші маған", - деді Әлжаппаров.

Айта кетелік, бұған дейін Қанат Әлжаппаров орысша өтетін тойларды басқара алмайтынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2016754-toqtar-aga-qulynymdy-berinizsi-qanat-alzapparov-tanymal-ansiden-uade-etilgen-zylqysyn-surady/

pixel