Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жігер Ауыпбаев "Меломен" тобына қатысты тың мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Жігер Ауыпбаев
Жігер Ауыпбаев. Фото: "Төрлетіңіз" бағдарламасы

Отандық әнші Жігер Ауыпбаев осыған дейін "Меломен" тобынан кету себебін ашып айтқан болатын. "Төрлетіңіз" бағдарламасына келген әнші топқа қатысты тың мәліметін бөлісіп, көпшілікті қуантып қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жақын арада Алматыда жеке шығармашылық кешімді өткіздім. Сол кезде жігіттер ("Меломен" тобы - ред.) құттықтап келіп, бәріміз сахнада тұрып жыладық. Ерекше сезім болды.

Мен 2016 жылдың соңы, 2017 жылдың басында топтан кеттім. Содан кейін бірінші рет сахнаға төртеуіміз бірге шықтық. "Меломен" тобы қайта болып қалуы мүмкін. Қазір осындай әңгіме жүріп жатыр. Өйткені, сол концертте бұрынғы әнді айтып бастағанда менің бүкіл денем тітіркеніп кетті. Ән біткеннен кейін сахнада төртеуіміз бір-бірімізді құшақтап жыладық", - деді Жігер Ауыпбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Жігер Ауыпбаев көпшілікке "Меломен" тобында жүргенде танылды. Бірақ өнер иесі топтан кетіп, көпшілікке жеке әнші, актер ретінде таныла бастады. Жақында "Меломен" тобының жігіттері Жігер Ауыпбаевтың топқа қайта келуге өтініш білдіргенін айтты.

Ал әнші Жігер Ауыпбаев осы мәлімдемеге қатысты жауап беріп, өз нұсқасын айтты. Арада бірнеше жыл өткенде "Меломен" тобы мен Жігер Ауыпбаев "Көреміз" бағдарламасына келіп, өзара қандай түсініспеушіліктер болғаны жөнінде бар шындықты айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2016778-ziger-auypbaev-melomen-tobyna-qatysty-tyn-malimdeme-zasady/

pixel