Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бурак Өзчевит пен Фахрие Евжен көпшілікке екінші ұлын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Бурак Өзчевит пен Фахрие Евжен
Бурак Өзчевит пен Фахрие Евжен. Фото: instagram.com/evcenf

Биылғы жылы түркиялық жұлдызды жұп Бурак Өзчевит пен Фахрие Евжен екінші рет сәбилі болған еді. Актер мен актриса екінші ұлын көпшілікке көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қос ұлының суретін Фахрие Евжен Instagram желісінде жариялады.

Актриса жазбасында тұңғышын туған күнімен құттықтаған. Ал осы мерейтой кезінде жұлдызды жұп балаларымен суретке түсті.

"Төрт жасың құтты болсын, жүрегім", - деп жазды актриса.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың қаңтарында түркиялық жұлдызды жұп Бурак Өзчевит пен Фахрие Евжен екінші рет сәбилі болды. Актер мен актрисаның отбасында ұл бала дүниеге келген еді.

Айта кетейік, Бурак Өзчевит пен Фахрие Евжен 2017 жылы отбасын құрды. 2019 жылы жұлдызды жұптың тұңғышы Каран өмірге келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2016861-burak-ozcevit-pen-faxrie-evzen-kopsilikke-ekinsi-ulyn-korsetti-foto/

pixel