"Қаңғыбас болса, өкпелемеңіздер": Нұрлан Еспанов Кореяда баланың тұсауын кесті (видео)
Опубликовано:

Әнші, сазгер Нұрлан Еспанов Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында қазақ баласының тұсауын кесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
"Алланың қалауымен күтпеген жерден тойға кіріп, Сеулде тұсау кестім. Қадамы сәтті болсын. Кәсіппен айналысып жүрген бауырларым аман болсын. "Бақыт" деген сәт екенін ұмытпайық, достар. Қандастарымыз аман болсын. Ораза қабыл болсын", - деді Нұрлан Еспанов.
Видеодан әншінің тұсау кеспестен бұрын тілек айтып, той иесімен әзілдескенін аңғару қиын емес.
"Ханымдар мен мырзалар, Кореяға келіп, тұсау кесеміз деп кім ойлаған? Қадамы сәтті, өмірі тәтті болсын. Мәнді әрі сәнді болсын.
Мен әзілге жақын адаммын ғой, қаңбыбас болса, маған өкпелемеңіздер.
Үйде тұрмайтын бала болса, маған өкпелемеңіздер (ред. - бәрі күлді). Бастысы мен сияқты ішпейтін, шекпейтін, көзі ашық, көкірегі ояу азамат болсын", - деді Нұрлан Еспанов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2016917-qangybas-bolsa-okpelemenizder-ansi-nurlan-espanov-koreyada-balanyn-tusauyn-kesti-video/