Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірін-бірі көре алмайды": Жазира Байырбекова көпшілікке абысын-келіндерін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Жазира Байырбекова. Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Отандық әнші Жазира Байырбекова көпшілікке абысындары мен келіндерін көрсетті. Қайын жұртында жүрген өнер иесі отбасылық суретін Instagram желісінде бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Абысындар бірін-бірі көре алмайды" дегенді жиі естимін. Бірақ, мен абысын-келіндерімнен ондайды байқаған емеспін. Ешқайсысы бетіме қатты сөйлеп, көңілімді қалдырған емес. Біз жақта қайын ағаның келіншегін - абысын, қайын інінің келіншегін - келін деп атайды", - деп жазды әнші.

"Үлгілі отбасы", "Мына өмірде татулыққа не жетсін", "Бақытты болыңыздар", "Абысын үлгі көрсетсе, келін жаман болмайды", "Абысын тату болса - ас көп" деген осы", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жазира Байырбекова көпшіліке үлкен әпкесін көрсеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2016998-zazira-baiyrbekova-kopsilikke-abysyn-kelinderin-korsetti-foto/