Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйқамаққа алынған Мейіржан Төребаевтың немен айнылысып жатқаны белгілі болды

Опубликовано:

Дана Есеева, Мейіржан Төребаев
Дана Есеева, Мейіржан Төребаев. Фото: instagram.com/dana_yesseyeva

Отандық танымал блогер Мейіржан Төребаев былтыр қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілініп, кейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылған еді. Қазіргі таңда үйқамақта отырған блогердің немен айналысып жатқанын әйелі Дана Есеева "Қыздар-ай" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Блогердің айтуынша, Мейіржан Төребаев қазір үйде шығармашылықпен және бала тәрбиесімен айналысады.

"Үйқамақта отыр ғой. Ол қазір екінші сценарийді жазып жатыр. Бірінші сценарийді отырған жерінде жазып бітті. Киноға арналған сценарий. Бұрыннан бері істеген ісімен айналысып жатыр. Шығармашылықтың адамын төрт қабырғаның ішіне отырғызсаң да, бәрібір ойлауға кедергі жасай алмайсың. Жұмысын жалғастырып жатыр.

Ең бастысы, ол қазір балалармен. Олар бір-бірін танып жатыр. Мейіржан таңнан кешке дейін жұмыста жүретін еді. Ал демалыс күндері тауға шығатын едік. Қазір күні бойы балалармен бірге. Мектептен келгесін оқытады, сабағын жасайды, ақылын айтады. Мейіржан "әйелдер сондай мықтысыңдар. Біз, ер адамдар соны түсінбейді екенбіз. Сендер баламен үйде сабағын жасап, тамағын дайындап, әңгімелесуге сонша күш керек. Тағы сендер жұмысқа барасыңдар. Әйелдер - мықты" деп таңғалады", - деді Дана Есеева.

Естеріңізге сала кетейік, Мейіржан Төребаевтың әйелі Дана Есеева отбасының басынан өткізген сынағына қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2017027-uiqamaqqa-alyngan-meiirzan-torebaevtyn-nemen-ainylysyp-zatqany-belgili-boldy/

pixel