Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бастысы, Мейіржан - тірі": блогер Дана Есеева күйеуіне қатысты іске көзқарасын білдірді

Опубликовано:

Дана Есеева
Дана Есеева. Фото: instagram.com/dana_yesseyeva

Отандық танымал блогер Мейіржан Төребаевтың әйелі Дана Есеева отбасының басынан өткізген сынағына қатысты пікір білдірді. "Қыздар-ай" бағдарламасына келген блогер күйеуінің істі болуына байланысты ойын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сынақ дейді ғой. Мен бұл жағдайға басқа жағынан қараймын. Не үшін бұл жағдай біздің отбасымызға түсті деп ойлаймын. Не үшін маған берілген сынақ? Осыдан не түсінуім керек? "Мына жерді қарашы, байқашы" деп Құдай көрсетіп жатыр ғой.

Ең бастысы, Мейіржан тірі. Қалғанының бәрінен өтуге болады. Осы жағдайдың неге маған түскенін түсіну керек. Өзің іштей біліп отырасың. Менде де, Мейіржанда да жаман ой болған жоқ. Адамдарға ешқандай жамандық тілеп отырған жоқпыз. Иә, болады, алданып қалды. Әрбір адам өмірінде алданып қалады. Бір рет емес, екі рет, он рет алданып қалады. Сондай болады. Ол бірнәрсе үшін ғой, бірнәрсе түсінуіңіз керек. Мүмкін тіпті Құдай сақтаған шығар", - деді Дана Есеева.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың ақпан айында блогер Мейіржан Төребаев пен актер Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын.

2022 жылдың 20 сәуірінде олар 10 тәулікке қамауға алынып, кейін қамауға алу мерзімі екі айға ұзартылды.

Осыдан соң қамауға алу мерзімі тағы бірнеше рет ұзартылды. Соңғы рет күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 21 қарашасында өзгертілді.

2022 жылдың 12 желтоқсанында Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов ісі сотқа жолданғаны белгілі болды.

Ал 2022 жылдың 21 желтоқсанында сот отырысы басталып, алдын ала тыңдауда айыпталушылардың адвокаттары бұлтартпау шарасын жеңілдетуді сұраған еді. Сондай-ақ Шерниязовтың адвокаты клиенттерінің әрекетінде қылмыс құрамының белгілері жоқ екенін айтып, оларға қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

Белгілі вайнер және блогер Мейіржан Төребаев қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2017197-bloger-dana-eseeva-en-bastysy-meiirzan-tiri/

pixel