Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірінші болып өзім жаздым": Ғазизхан Шекербековтің әйелі әншімен қалай танысқанын ашып айтты

Опубликовано:

Ботакөз Қыдырбай бағдарламаға сұхбат беруде
Ботакөз Қыдырбай. Фото: "Жетінші" арна

Танымал әнші әрі композитор Ғазизхан Шекербеков алғаш рет халыққа отбасы мен сүйген жарын көрсетті. Әншінің жұбайы Ботакөз екеуінің қалай танысқандарын да баяндады, деп жазады Қызықты Weekend бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Өзім Алматы облысы Райымбек ауданының тумасымын. Кегеннің қызымын. Әлеуметтік педагогпын. Қазіргі таңда бала психологиясы мен тәрбиесі жөнінде білім алудамын.

Біз 2015 жылы әлеуметтік желі арқылы таныстық. Ол кезде 3-курс оқимын. Жатақханадағы құрбым "Арман" тобының "Тағдырластар" деген жаңа әні шыққанын айтты. Тыңдап едім, қатты ұнады. Сол әннің mp3 нұсқасын таба алмай жүрдім де, желі арқылы Ғазизханның өзіне жаздым.

Ол бірден жауап берген жоқ, шамамен екі аптадан кейін жазды. Солай танысып кеттік. Бірақ танысу мақсатында жазған емеспін. Әнді тапқым келді", - дейді Ғазизханның жұбайы Ботакөз Қыдырбай.

Бүгінде Ғазизхан мен Ботакөз үш баланы тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2017056-birinsi-bolyp-ozim-zazdym-gazizxan-sekerbekovtin-aieli-ansimen-qalai-tanysqanyn-asyp-aitty/