Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көзінше қыздармен әзілдесемін": Ғазизхан Шекербеков отбасындағы қызғанышқа қатысты пікірін айтты

Опубликовано:

Ғазизхан Шекербеков
Ғазизхан Шекербеков. Фото: instagram/gazizkhan

Әнші әрі композитор Ғазизхан Шекербеков алғаш рет жұбайы Ботакөзді көпшілікке таныстырып, өздерінің отбасылық қарым-қатынасы туралы сыр шертті, деп хабарлайды Қызықты Weekend бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қызғаныш бар шығар... Әрине, қызғаныш бар. Бірақ қызғануы мүмкін-ау деген адамның бәрімен таныстырамын. Сосын ол қыздармен көзінше әзілдесемін. Достық қарым-қатынас екенін түсінеді өзі", - деді Ғазизхан.

Сондай-ақ әнші сүйіктісін телефонында қалай сақтағанын да айтты.

"Үйленбей тұрып "Сары қыз" деп айтатынмын. Телефонда да солай тұр. Сары гүлдің суретімен... Бота десем өзі біртүрлі болып қалады", - деді әнші.

Айта кетелік, бұған дейін әншінің әйелі болашақ жарымен танысу үшін алғаш болып өзі хат жазғанын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2017137-kozinse-qyzdarmen-azildesemin-gazizxan-sekerbekov-otbasyndagy-qyzganysqa-qatysty-pikirin-aitty/

pixel