Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде депутат қазақстандық әнші Jah Khalib-тің концертіне тосқауыл қоюды талап етті

Опубликовано:

Jah Khalib
Jah Khalib. Фото: Instagram/jahkhalib

Ресейде қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі концертін тоқтатуға шақырды. Бұл іске әншінің әлеуметтік желіде Украинаны қолдап жазған жазбасы себеп болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мемлекеттік думаның депутаты Яна Лантратова бас прокурорға, сондай-ақ Мәскеу мэрі мен Санкт-Петербург губернаторына Jah Khalib концертіне тосқауыл қоюды талап етті. Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

Депутат өз өтінішінде атап өткендей, Бахтияр Мамедовтың (Jah Khalib - ред.) Украина және арнайы әскери операция туралы айтқан сөзіне Readovka басылымы мен Антон Красовскийдің "Консерватор" қоғамдық басылымы назар аударған.

Сонымен қатар депутат Лантратова рэпердің 2022 жылдың ақпанында айтқан мәлімдемесіне сілтеме жасаған. Ол жерде Jah Khalib Киевте екенін айтқан болатын.

"Біз келдік. Киевтеміз. Тіріміз, саумыз, дүрбелеңге түспейміз. Біз ешқайда кетпейміз. Украиндар, енді мен сендерді сүйіп қана қоймаймын. Мен сіздерге сүйсінемін", - деп жазған еді қазақстандық орындаушы.

Айта кетейік, Jah Khalib концертін тоқтатуға шақырғандар қатарында ресейлік рэпер әрі журналист Аким Апачев те бар. Ол бұл жайлы ВКонтакте желісіндегі парақшасында жазды.

"Биыл Мәскеуде Украинаны қолдайтын қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің екі концерті өтеді деп жоспарланып отыр. Онда не істеп жүрсің? Ой! Бәлкім Кремльде Зеленскийдің концертін ұйымдастыратын шығарсың? Жау жау болып қалады. Ол Мәскеуде концерт өткізсе, одақтас болып шықпайды", - деді ол.

Ал РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, концерттер әлі тоқтатылмаған. Мекеме өкілінің бірі агенттікке қазіргі уақытта концертті өткізу әлі де жоспарланып отырғанын айтты. Билеттер әлі де сатылуда. Jah Khalib 23 сәуірде Мәскеудегі Crocus City Hall-да және 25 сәуірде Санкт-Петербургте өнер көрсетеді деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Бахтияр Мамедов (Jah Khalib - редю) 1993 жылы 29 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген. Өнерлі отбасында дүниеге келген ол бала кезінен музыкаға жақын болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2017224-reseide-qazaqstandyq-ansi-jah-khalib-tin-koncertine-tosqauyl-qoyudy-talap-etti/

pixel