Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шошып кеттім": Бүркіт әйелі Аиша коронавируспен ауырғанда балаларын алып үйден қашып кеткенін айтты

Опубликовано:

Бүркіт пен Аиша
Бүркіт пен Аиша. Фото: instagram.com/aisha_vee

Отандық жұлдызды жұп Бүркіт пен Аиша "Төрлетіңіз" бағдарламасына келіп, отбасылық құпиясын бөлісті. Көпшілікке Бүркіт лақап есімімен танылған Айбек Сейітов әйелі Аиша коронавируспен ауырғанда, балаларын алып үйден кетіп қалғанын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Аиша коронавируспен ауырғанда балаларды алып, қашып кеттік. Бұл кісіні үйде тастап кеттік. Жеті күнге қалдырып кеттік. Балалар ауырып қалмасын деп шошып кеттім. Мен тамақ дайындаймын", - деді Бүркіт.

Ал әншінің жұбайы Аиша күйеуінің өзіне деген қамқорлығы басым екенін атап өтті.

"Ол маған қамқорлық танытады. Маған қарағанда қамқорлығы басым", - деді Аиша.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Бүркіт пен Аиша Дубайда үйі мен бизнесі барын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2017502-sosyp-kettim-burkit-aieli-aisa-koronaviruspen-auyrganda-balalaryn-alyp-uilen-qasyp-ketkenin-aitty/

pixel