Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таңдауы өзге ұлттың азаматына түскен Фариза Ескермес өмірлік ұстанымы қалай өзгергенін айтты

Опубликовано:

Фариза Ескермес сүйіктісімен
Фариза Ескермес сүйіктісімен. Фото: instagram.com/yeskermes_fariza_life

"Джейран" тобы арқылы танылған әнші Фариза Ескермес осыдан біраз уақыт бұрын көпшілікке сүйіктісін көрсеткен болатын. Өзге ұлттың азаматын таңдаған ару "Қыздар-ай" бағдарламасында жеке өмірі жайлы жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншіден бағдарлама жүргізушісі Аша Матай "Бір сұхбатыңда маған тек қазақ ер-азаматтары ұнайды дегенсің. Бірақ кейін өзге ұлттың азаматын ұнатып қалдым дедің. Ойыңның өзгеруіне не түрткі болды? Тек махаббат өзгертті ме", - деп сұрады.

Ал Фариза Ескермес ойының өзгеруіне махаббат себеп болғанын мойындады.

"Тек қана махаббат өзгертті. 2019-2020 жылдары "Джейран" тобындағы Мединаның туған күні болды. Сол кезде мен "Қазақ жігітіне тұрмысқа шығуымыз керек, қыздар. Ешқашан басқа ұлттың жігітіне тұрмысқа шығушы болмаңдар. Ұлт мәселесі бірінші орында" деп қатты айқайлап айтып қойдым. Мен сенімді түрде айтқан кезде Құдай "Енді көре ғой" деп, осы жолды берген секілді. Той бұйырған кезде болады. Жоспарлап жатырмыз" , - деді Фариза Ескермес.

Сонымен қатар әнші сүйіктісі жайлы ашып айтып берді.

"Менің өнерімді, болмысымды қабылдай білген адам. Әрдайым менің сөзімді тыңдап, сыйлай білген азамат. Мен осы қасиетіне ғашық болдым. Осыған дейін сөз салған қазақ азаматтары болды, әрине. Бірақ, өнеріме қарсы болды. Түбегейлі қарсы болды. "Киноға түспейсің. Сахнада жүрмейсің" деді. Оның (сүйіктісі - ред.) өнерге қатысы жоқ. Кадрдың сыртында жүретін адам, концерт ұйымдастырушы.

Бізді достарымыз таныстырды. Біз жарты жыл дос болдық. Одан кейін сезім пайда болды. Бойында қазақтың да, украинның да, татардың да, өзбектің де қаны бар. Өзі қазақпын дейді. Әкесі орыс қой. Анам қарсы болған жоқ. Әкемнің бетіне қарауға қорқып, әлеуметтік желіде "Әке, осындай жағдай болып қалды. Менің жігітім өзге ұлттың адамы. Қалай қарайсыз" деп жаздым. Басында біраз сұрақ қойды. Бірақ түбі "Ең бастысы, сенің бақытың" деп батасын берді", - деді ағынан жарылған Фариза Ескермес.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Фариза Ескермес желіде көпшілікке сүйіктісін көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2017519-tandauy-ozge-ulttyn-azamatyna-tusken-fariza-eskermes-omirlik-ustanymy-qalai-ozgergenin-aitty/

pixel