Белгілі композитор: Жанды дауыста ән айту мәселесін қайта көтеру керек сияқты
Жарияланған күні:
Белгілі композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қалдыбек Құрманәлі қазіргі қазақ эстрадасы жайлы пікірін айтты. Талай әншінің жұлдызын жаққан композитор жанды дауысты ән айту мәселесін қайта көтеру керектігін NEGE.KZ сайтына берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Қазір қазақ эстрадасы жабайы түрде дамып жатыр. Көбі шетелден ұрланған әндер. Әйтеуір қазақша мәтін жаздыртып, тойға барып, ақша тауып жүр. Басында бұлар ұрлағанына қысылатын еді, қазір ұялуды қойды. Қазақ эстрадасы дүбәра әндерге толып кетті. Бұл да уақытша шығар. Сондықтан көркемдік кеңесті министрлік жанынан қайта құрып, жанды дауыста ән айту мәселесін қайта көтеру керек сияқты.
... Өнерді тазалау қажет. Сахнада халықтың көзіне тура қарайтындай ары таза болуы керек. Әр адамның еңбегіне қарай алатын сыйы бар. Өз өнерін лас жолмен емес, таза еңбекпен алып шығатынын дәлелдеуі тиіс. Таланттарды мемлекет қорғауы керек. Ал талантсыздар жаңағыдай жолмен өмір сүреді", - деді Қалдыбек Құрманәлі.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін композитор Мақпал Жүнісованың тағдыры туралы айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2017674-belgili-kompozitor-zandy-dauysta-an-aitu-maselesin-qaita-koteru-kerek-siyaqty/