"Күйеуім көшенің адамы болды": Сиви Махмуди бұрынғы сүйіктісі балаларын мүлде іздемейтінін айтты
Жарияланған күні:
Танымал әнші әрі продюсер Сиви Махмуди он жыл бойы бір шаңырақ астында тұрған күйеуімен ажырасқан соң, онымен қазіргі ара-қатынасына тоқталды, деп хабарлайды "Менің өмірім" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Сивидің айтуынша, ол бұрынғы күйеуімен қазір мүлде араласпайды.
"Маған төрт-бес рет жазды. "Әлі сене алмай жүрмін, қайтадан кездесейік", - деді. Бірақ балаларды мүлде іздеген емес. Мен жауап бермедім. Ажырасқан соң оны көрмедім де... Балаларым да оны қатты іздемейді. Тек үлкен ұлым туған күнінде жылап қалды. "Папамның құттықтамағанына ішім ашиды", - деді. Енді ол да өсіп қалды ғой. Сыныбында бәрінің папалары бар дегендей...
Содан кейін тұрмысқа шығамын деп шештім. Балаларыма әкесіндей болмаса да, әке қамқорлығын көрсететін адам болса деп тілеймін. Өйткені мен қарапайым ғана әйел бақытын көрмедім. Жолдасыммен, балаларыммен бірге саябақта қыдыру маған арман болып кетті. Себебі күйеуім көшенің адамы еді. Алимент алмаймын. Басында дауласып, аламын деген ой болған. Кейін бас тарттым.
Жалпы өзім балаларымның әкесімен араласуына қарсы емеспін. Соңғы рет бір жарым жыл бұрын көрді ғой деймін. Енем де балаларды іздеген емес. Неге бұлай болғанын білмеймін", - деді Махмуди.
Айта кетелік, Сиви Махмуди өзінің жұбайымен неліктен ажырасып кеткенін толығымен көпшілікке баяндап берді.
Сонымен қатар ол екінші рет тұрмысқа шығу үшін, сүйіктісін іздеп жүргенін де жасырған жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2017906-kuieuim-kosenin-adamy-boldy-sivi-maxmudi-buryngy-suiiktisi-balalaryn-mulde-izdemeitinin-aitty/