БАҚ: Гүлназ Жоланованың күйеуі кім екені белгілі болды
Жарияланған күні:
Отандық БАҚ-тың бірі жуырда тұрмысқа шыққан актриса Гүлназ Жоланованың күйеуі туралы ақпарат ұсынды. Inbusiness.kz сайтының ақпараты бойынша актрисаның таңдауы еліміздегі белгілі кәсіпкердің ұлына түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
inbusiness.kz сайтының мәліметінше, Гүлназ Жоланованың жолдасы белгілі кәсіпкер Мұхтар Тойбазаровтың ұлы.
Сайт мәліметінше, Гүлназ Жоланованың күйеуінің әкесі - мейрамханалар желісінің иесі, белгілі кәсіпкер Мұхтар Тойбазаров. Өскемен қаласындағы бірнеше мейрамхана мен қонақ үйлердің иесі.
Кәсіпкер "Пять звезд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры және жалғыз құрылтайшысы. "Резиденция Остров" демалыс және демалыс орталығының негізін қалаушы.
Естеріңізге сала кетейік, Гүлназ Жолановаға биылғы жылдың ақпанында сырға салынып, ұзатылған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2017988-baq-gulnaz-zolanovanyn-kuieui-kim-ekeni-belgili-boldy/