Қайрат Нұртас әйелінің туған күніне су жаңа темір тұлпар сыйлады (видео)
Жарияланған күні:
Әнші Қайрат Нұртас жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімованың туған күніне су жаңа темір тұлпар сыйлады. Бұл жайлы айтыскер Сара Тоқтамысова Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
35 жасқа толған хитменнің әйелі шоу-бизнес өкілдерін шақырып, туған күнін жасаған.
"Жұғысты болсын. Қайраттың Жұлдызға арнаған сыйлығы", - деді Сара Тоқтамысова су жаңа көлікті көрсетіп.
Сонымен қатар Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова туған күн барысында торт кесті.
"Жұлдыз әрқашан бақытты бол. Жұлдызың әрқашан жана берсін", - деп жазды Маржан Арапбаева желідегі парақшасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2018267-qairat-nurtas-aielinin-tugan-kunine-su-zana-temir-tulpar-syilady-video/