"Сымбатын сақтаған": 86 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов көпшілікті сүйсінтті (видео)
Жарияланған күні:
86 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желіде видео жариялап, көпшілікті сүйсінтті. Желідегілер әлі күнге сымбатына сызат түсірмеген әншінің қалпына таңғалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әнші Instagram парақшасына серуендеп жүрген сәтін салып, "Адам мен табиғат - егіз ұғым", - деп жазып қойды.
Ал желі қолданушылары сүйікті әншісіне амандық тілеп, жылы лебізін жаудырды.ё
"Аман болыңыз", "Жүз жасаңыз", "Әлі күнге сымбатын сақтаған. Жас көрінеді", "Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз", - деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, Нұрғали Нүсіпжанов былтырғы жылдың қарашасында денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түскен болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Нұрғали Нүсіпжанов 82 жасында өзінен 45 жас кіші журналист Жадыра Сейдешпен көңіл қосып, шаңырақ көтерген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2018632-symbatyn-saqtagan-86-zastagy-nurgali-nusipzanov-kopsilikti-suisintti-video/