jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "300 мың теңге кредит алдық": Мөлдір Мұқанова Тұрсынбекпен үйлену тойы қалай өткенін айтып берді

    Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова
    Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова. Фото: instagram/moldir.mt

    Айнұр Ілиясованың авторлық жобасында қонақ болған Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатов екеуінің үйлену тойлары қалай өткенін еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "300 мың теңге кредит алып, сол ақшаны ауылға жібердік. Көйлекті прокатқа алдық. Киіндік, бірге бардық. Оралға барған соң ол маған: "ауылға таксимен барсақ 30 мың теңге, автобупен барсақ 2 жарым мың теңге", - деді. Әрине, автобуспен бардық. Автобуспен кілең саудагерлер жүреді екен. Кіріп барсақ, іші толған пияз. Қапшық-қапшық пияз. Исін айта алмаймын, мұрынды жарып бара жатыр.

    Ол кезде Батыс Қазақстан облысының жолы Қазақстандағы үлкен проблемалардың бірі болған. Ауылға 18 сағат жүріп бардық. Қазір төрт сағатта жететін жер ғой. Қалай шаршағанымды айтып жеткізе алмаймын. Қатты шаршап бардық. Бірақ жаспыз ғой... Махаббат қасымда, жүрек лүпілдеп тұр. Тұрсынбекті ешкім танымайтын кез. Оған автобуспен барған ұят емес. Сол кездер ерекше есте қалыпты. Оң аяғыммен аттап, келін боп түстік. Аллаға шүкір", - деді Мөлдір Мұқанова.

    Еске сала кетейік, жақында Мөлдір Мұқанова анасынан 13 жасында айырылғанын айтып, көз жасына ерік берген еді.

    "300 мың теңге кредит алдық": Мөлдір Мұқанова Тұрсынбекпен үйлену тойы қалай өткенін айтып берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.