"Күйеуімді жоғалтып алдым": Мөлдір Мұқанова өміріндегі қиын кезеңдерді айтып, көз жасына ерік берді
Жарияланған күні:
Елімізге танымал әзілкеш әрі шоумен Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова отбасылық өмірдегі қиын кезеңдерді еске алып, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды "Мамский әңгіме" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қиын кезеңдер болды. Тұрсынбек күні-түні жұмыста. КВН ойнайды, күні-түні әзілдер жазады, жарыстарға қатысады. Мен баламен үйдемін. Қызым жылай береді. Себебін кейін білдім, менің сүтім аздық еткеннен, қарны ашып жылайды екен. Тоңазытқыш бос тұратын. Сол кездерде топырлап жүретін достарымыз да жоқ болып кетті. Ауылдан да тамақ беретін ешкім жоқ.
Ешкімде жағдай жоқ кез. Ешкімді кінәлай алмаймын. "Өзімнің шешем болғанда...",- деп армандайтымын. Шеше деген қайдан тапса да, салып жібереді ғой. Жетінші қабатта тұрамыз. Лифт істемейді. Дүкеннен нан әкелу үшін қызымды көтеріп, колясканы сүйреп түсемін. Қайтадан көтерілемін. Сол кездері күйеуімді жоғалтып алдым. Қазір сол тоймай өскен қызым өзімнен бойы ұзын аруға айналды. Шүкір", - деді Мөлдір Мұқанова.
Айта кетелік, Мөлдір Мұқанова Тұрсынбекке қалай тұрмысқа шыққанын айтып, той жасау үшін кредит алғанын да жасырған жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2018873-kuieuimdi-zogaltyp-aldym-moldir-muqanova-omirindegi-qiyn-kezenderdi-aityp-koz-zasyna-erik-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.