Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дубайда оқып жатыр": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі ҰБТ-да басы дауға қалған қызы туралы айтты

Опубликовано:

Тұрсынбек Қабатов келіншегімен
Тұрсынбек Қабатов, Мөлдір Мұқанова. Фото: Instagram/moldir.mt

Осыдан бірнеше жыл бұрын желіде белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызына қатысты видео тарап, дау туындаған болатын. Әзілкештің әйелі Мөлдір Мұқанова "Қыздар-ай" бағдарламасында ҰБТ дауына қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Дау болды. Оның бәрі аяқтан шалу. Қателік толықтай ҰБТ-ға дайындаған орталықтан болды. Орталық өз атын шығарғысы келді. "Тұрсынбек Қабатовтың қызы біздің орталықта оқып шығып, грантқа түсті" деген атақ үшін осылай істеді. Мен сол уақытта бәріне дайын болдым. Намыстың күйдіргені сонша, "бір ауыз айтып ескертпедіңдер ме?" деп ашуландым. Олар барлығы жақсы, білінбей өтіп кетеді деп ойлады. Негізінде Дубайда оқуға түсу үшін ешқандай ҰБТ-ның керегі жоқ. Қазір Аллаға шүкір, қызым Дубайда оқып жатыр", – деді Мөлдір Мұқанова.

Мөлдір Мұқанованың айтуынша, ҰБТ-ға дайындайтын мамандар қызын алдап, айтқанына көндірген.

"Ондағы ағайлары "Бізбен жүре бер. Тапсырып көре сал" деп алдап-арбап сөйлескен. Қызым балалықпен көне берген. Біздің қателігіміз, соған мән бермегенбіз. Сол ақпарат тарағанда көпшіліктің сөзі жүрегімізге тиді, жыладық. Тұрсынбек орталыққа барды, телеарнаға шықты", - деді әзілкештің жұбайы.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше жыл бұрын заңгер Абзал Құспанның Facebook желісіндегі ҰБТ-дағы заңсыздықтар туралы жазбасы қоғамда қызу талқыға түскен болатын. Ол өз жазбасында ҰБТ кезінде бірнеше мектеп бітіруші түлектің орнына жалған құжатпен студенттер кірмек болғанын мәлімдеген-ді. Аталған мәлімдемеде Тұрсынбек Қабатовтың қызының есімі аталып, дау өрши түскен.

Көп ұзамай Қабатовтың өзі бұл ақпаратқа қатысты түсінік беріп, болған жайтты растады. Бірақ әзілкеш бұл істен бейхабар екенін және заңбұзушылыққа қызын тестке әзірлеген білім орталығының мамандары кінәлі екенін айтты.

Артынша шоуменнің қызықн қызын ҰБТ-ға дайындаған репетитор да өз шындығын айтты. Ол оқиғаның қалай болғанын да жасырмай айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2019309-tursynbek-qabatovtyn-aieli-qyzyna-qatysty-ubt-dauyna-pikir-bildirdi/

pixel