Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз-өзімді естімеген сәтте": Жұлдыз Әбдікәрімова өмірдегі өкініштері туралы сыр бөлісті

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өмірде өкінген сәттерін айтып берді. Қайрат Нұртастың жұбайы бұл туралы Instagram парақшасында жазды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушысының бірі актрисадан: "Өмірде өкінген сәтіңіз болды ма", - деп сұраған.

Ал Жұлдыз Әбдікәрімова өмірде екі сәтте өкінгенін жеткізді.

"Қараңғы түннен кейін нұрын шашып, таң атады. Дәл қазір өткеніме еш өкінбеймін. Одан сабақ алып, болашағыма ұмтылып келемін.

Өмір ақ пен қара тербеліс. Әрине, өкінгенмін. Екі сәтте өкіндім. Өз-өзімді естімеген кезде және қатты қиналған күндерде", - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Жұлдыз Әбдікәрімова 35 жасқа толып, туған күнін шоу-бизнес өкілдері арасында өткізді.

Сонымен қатар Жұлдыз Әбдікәрімованың туған күніне күйеуі Қайрат Нұртас су жаңа көлік тарту еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2019339-oz-ozimdi-estimegen-satte-zuldyz-abdikarimova-omirde-okingen-satin-bolisti/

pixel