"Реалити шоу жасағымыз келмейді": Әли Оқапов тегін үш рет ауыстырғанын айтты
Жарияланған күні:
Отандық әнші Әли Оқапов биылғы жылы ұлды болды. Әнші әлеуметтік желіде ұлының тегіне қатысты келетін сауалдарға жауап беріп, өмірінен реалити шоу жасағысы келмейтінін ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл жайлы әнші Instagram парақшасында айтты.
"Зейiн неге Оқапов", "Неге Тасқын емес", "Мәди неге Рымбаев"... Шынымды айтсам, мен өз басым өмірімде үш рет тегімді өзгерткенмін. Себептер болды. Оны бөлісу артық деп санаймын. "Әр үйдің сыры бөлек" дегендей, біздің де көпшіліктің алдында өз ақпараттық шекарамыз бар.
Ішкен-жегенімізге дейін көрсетіп, жеке өмірімізді үтір-нүктесіне дейн жария еткізіп, өмірімізден реалити шоу жасағымыз келмейді. Ондай деңгейдегі шоу теледидарда толып тұр, көрермен жетеді.
Ал біз өз шешімімізді бөтен пікірсіз-ақ бекіте аламыз. Неге Оқапов? Неге Рымбаев? Солай шештік. Солай дұрыс деп санаймыз. Яғни, себеп бар. Қалғаны маңызды емес. Түсінесіздер деп сенеміз. Ең бастысы бақыттымыз", - деді Әли Оқапов.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың басында Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай ұлды болды. Әнші ұл сыйлаған келіншегіне су жаңа көлік тарту етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2020079-realiti-sou-zasagymyz-kelmeidi-ali-oqapov-tegin-us-ret-auystyrganyn-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.