Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Неге бәрі қарапайым демеңіздер": Ерке Есмахан мен Райым заңды некеге тұрды (фото, видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан мен Райым
Ерке Есмахан мен Райым. Скриншот: Instagram.com/erke_esmahan

Қазақстандық әншілер Ерке Есмахан мен Райым заңды некеге тұрды. Бұл туралы Ерке Есмаханның өзі әлеуметтік желіде хабарлап, неке қию рәсімі кезінде түсірілген кадрларды бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еске сала кетейік, биыл қаңтар айында Ерке Есмахан мен Райым үйленіп, мешітте некесін қидырған болатын.

Ерке Есмаханның айтуынша, ал заңды некеге олар сәуір айында тұрған. Дегенмен, бұл жаңалықты көпшілікке енді айтуды жөн көрген.

"Ораза айында заңды некеге отырайық деп келе жатырмыз. Бүгін сәуірдің төрті. Сағат үш жарым және қай жерге келдік десеңші? Түрксіб АХАТ бөлімі. Енді осы жерде жаным, екеуіміз үйленеміз деп ойламаппын.

Осындай әдемі жерде неке қиятын боламыз және заңды неке куәлігін аламыз", - дейді Ерке Есмахан рәсімнен бұрын түсірілген видеода.

Сондай-ақ әнші неке куәлігін де көрсетті.

"Неге бәрі тіпті қарапайым болды демеңіздер, біз үшін ең бастысы – отбасымыздың бақыты", - деп жазды Ерке Есмахан Instagram-дағы stories бөлімінде.

Ерке Есмахан мен Раймның неке туралы куәлігі
Ерке Есмахан мен Раймның неке туралы куәлігі. Скриншот: Instagram.com/erke_esmahan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2020146-erke-esmaxan-men-raiym-zandy-nekege-turdy-foto-video/

pixel